Жаңаөзенде мұнай саласында жұмыс істеуді талап еткен тұрғындар аштық жариялады
Әкімдік шеруге шыққандарға бұған дейін 250 мың теңгеге дейін жалақы алатын жұмыс ұсынылғанын, бірақ олар бұған қанағаттанбағанын айтты.
5 наурыз күні сағат 17:55-те 23 адам аштық жариялады.
Сол күні сағат 19.13-те қалалық жедел жәрдем стансасына қалалық әкімдік ғимаратының жанында жүрген адамдар аштық жариялап, өздерін нашар сезініп жатқанын хабарланған. Қоңырауға екі жедел жәрдем бригадасы келді.