Жапонияда аномальды ыстық бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, шілде айында бір ғана Токиода ыстық ауаның соққысынан 120-дан астам адам қайтыс болды. Өткен ай Жапониядағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай ретінде тарихта қалмақ.
Мыңдаған адам ауруханаға жатқызылды, олардың көпшілігі 60 жастан асқан. Температура орташа есеппен қалыптыдан екі градус Цельсий жоғары болды. Токиода және елдің батысында ыстық ауа райына байланысты ескертулер жарияланды. Бұл аймақтарда термометр бағаны +34 градусқа дейін көтерілді.