Жапонияда қауіпті ауру таралып жатыр Токио үкіметі ескерту жасады. Оған сирек кездесетін, бірақ бактериялық инфекцияның ауыр түрін жұқтыру жағдайы былтырғы көрсеткіштің жартысына қазірдің өзінде жетіп қойған. Japantimes мәліметінше, Токиода 88 жағдай, ал елде 517 жағдай тіркелген. Бұл ауру А тобындағы стрептококктар деп аталады, ол бактериялар тудыратын STSS бұлшықеттерді жабатын дәнекер тінінің некрозын тудыруы мүмкін. 2023 жылы жұқтырғандар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші шамамен — 30%.
«Бұл өлім-жітім деңгейінің өте жоғары көрсеткіші», — деп хабарлайды Токио билігі.
Токио билігі жұртты инфекцияның осы түрін білдіретін аяқ-қолдың ауыруы мен ісінуі немесе безгегі сияқты белгілерді сезінсе, дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Қалай сақтану керек? А тобындағы стрептококк жаңадан шыққан ауру емес, ол ауа-тамшы жолдарымен және тікелей байланыс арқылы жұғады. Бірақ инфекция қол мен аяқтағы жаралар арқылы да жұғуы мүмкін. Денсаулық сақтау органдары халыққаа қолды үнемі жуу және жараларды дұрыс күту сияқты негізгі профилактикалық шараларды ұстануға кеңес береді.