Бұл туралы Антикор хабарлады. Биыл 144 әкімдік қызметкерінің қатысы бар 203 қылмыс тіркелген.
Мәселен, Алматыда мәдениет басқармасы басшысының орынбасары «лауазымын теріс пайдаланды, бюджет қаражатын жымқырды» деп айыпталған. Ол мемлекетке 125 млн теңгеден астам залал келтірген.
Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы да «лауазымын теріс пайдаланды» деп айыпталып отыр. Ол ұлының оқу ақысын төлеу және отын беру қажеттілігі туралы кәсіпорындарға заңсыз нұсқау берген.
Қаржы мониториң агенттігінің мәліметінше, 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жобада бағаны негізсіз көтеру анықталған. Қазір 19,2 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.