• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жерді жалға береміз. Ақшасы қайда?

Жерді жалға береміз. Ақшасы қайда?

29 марта, 2024 Басты тақырып

 

 

Ресеймен ауылымыз аралас, қойымыз қоралас болғанымызға 300 жылдан асты. Оның 70 жылын КСРО-ның кезінде бірге өткіздік. Бір елміз дедік. Тілін үйрендік. Білім алдық. Совет Одағы жасасын дестік. Уралап, Отан қорғадық. Ауғанды шаптық.  Ленин, Марск, Энгельс ілімдерін оқыдық. Діннен бездік. Тілден айырылдық. Салт-дәстүрімізді ұмытып қала жаздадық. Миллиондап қырылсақ та «алғыс» айтудан жалықпадық. Нәтижесінде 1991 жылы тәуелсіздігімізді алып өз жөнімізге кеттік. «Кеттік» деген аты ғана. Қағаз жүзінде тәуелсіз болсақ та іс жүзінде барлық әлеуметтік-экономикалық салада басыбайлы боданның күйін кештік. Электрэнергиядан бастап интернетке дейін Ресейден алатын болдық. Отыз жылда бір атом электрстанциялары мен жылу электр станциялары, мұнай өңдеу, машина шығару өндірістерін сала алмадық. Біреудің қаңсығына таңсық боп жүрдік. Тіпті әскери қорғаныс салада да байлаулы қалпындамыз. Мысалға алар болсақ, Байқоңырды жалға бердік, Капустин Яр сынақ алаңы. Қазіргі таңда ол жерде Ресей әскерилері зымырандарын сынақтан өткізуде. Сонда Қазақстаннан он есе үлкен Ресейде зымырандарын сынақтан өткізетін жер болмағаны ма? Неге қазақтың даласын талқандай береді. Хрущев келіп жүгері егем деп сайын даламызды қаны шыққанша тілгілеп кетті. Қазір соның зардабын тартып отырмыз. Олигархтар мен латифундистерге сатып жіберген егістік жерлердің кесірінен ауыл халқы мал шаруашылығымен айналыса алмай, амалсыз ала сумкасын арқалап Астанаға ағылуда. Ал күйреген үйлер мен күңіренген дала, ауылдар иесіз қалып жатыр. Келесі Сарышаған сынақ алаңы. Жылына кем дегенде бір рет зымыран сынағы өтеді. Төгілген гептильдің кесірінен Сарышағанның экологиясы бүлініп кетті. Балқаш көліне жақын орналасқан бұл сынақ алаңының табиғат пен адамзатқа тигізіп жатқан зияны орасан зор екенін эколог мамандар жылдар бойы айтып келеді. Ол аздай, Ресей тарапы жалға алу құнын 3 млн долларға азайту туралы ұсыныс жасаған деседі. Біздің ақкөңіл ақжағалылар бұғанда келіскен көрінеді. Полигондардан бөлек Батыс Қазақстан облысында Ресейдің зымыран мен оқ, дәрі сынақ алаңы орналасқан дейді. Ол Ресейдің иелігінде екен. Ал Қостанайда  Ресейдің орналасқан әскери әуе күштерінің транспорт полкы орналасқан. Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Ресей жалға алған алған жерлерінің гектарына бар-жоғы 1050 тенге төлеп келе жатқанын айтқан еді. Елімізде жер сатуға қарсы 2016 жылы үлкен митнгілер өтіп, қоғам дабыл қаққан еді. Жерімізді сатуға қарсы шыққан Макс Боқаев сынды азаматтар жаза арқалап, абақтыға қамалды. Бірақ халықтың ашу-ызасынан қорыққан билік бір қадам артқа шегінуге мәжбүр болғанмен, қазақ халқына тиесілі млндаған гектар жерді латифундистер қолынан алып, халықтың игілігіне беруге қауқар таныта алмай отыр. Қазақстанда ушығып тұрған жерді жалға беру мен экология, қоршаған ортаны қорғау мәселесі әлі күнге дейін басты назарға алынбай отыр. Ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даланы өз ұрпақтары иемдене алмай, кім көріңгеннін ермегіне айналғалы қашан? Жаппай жайлаған жемқорлық дерті мен ұлттың, елдің, жердің болашағына бас ауыртпайтын қатыгездердің жүргізіп отырған реформаларының болашағы бұлыңғыр. Мұнымен Ресейден аулақ бол демейміз. Арамызды жеті мың шақырым шекара бөліп тұрған соң, ат кекілін үзісіп, аулақ тағы кете алмаймыз. Дегенмен, айбалтамызды арқамызға тыға жүріп, әккі саясат жүргізу қажет. Әрине Президентте бұл мәселені біледі деп ойлаймын. Қандай шара болса да қазаққа пайдалы болса екен деген ниетіміз бар.

Baimedia.kz

Оқылып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.