Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Оқиға Жетісу облысында тіркелді. Әйелдің өзі түсіріп алған видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен, деп хабарлайды ZTB.
Кадрдан кір жуғыш машина ішінде шошынып тұрған мысық көрінеді.
Желі қолданушылары жағдайға бей-жай қарамай, e-Otinish арқылы полицияға шағым жолдаған. Қазіргі уақытта әйелдің жеке басы анықталды. Ол бұл әрекетін қызына жасалған «пранк» деп түсіндірген.
«Тексеру барысында мысық ветеринар дәрігердің қарауынан өтті. Жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Иесі әкімшілік жазаға тартылды», — дейді полиция.
