Жетісу облысында Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған полицейлер сотталды
Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады.
Полицияның бұрынғы төрт қызметкеріне жеті адамды азаптау фактісі бойынша үкім шығарды, — делінген хабарламада.
Іс барысында экс-полицейлердің 2022 жылдың 5-16 қаңтарында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында азаматтарға тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданғаны дәлелденді.
Үш азамат 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Одан бөлек кінәсін толық мойындаған азаматтың 2,5 жылға бас бостандығы шектелді.