Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жетісу облыстық полиция департаменті дереу тексеру басталғанын хабарлады.
— Панфилов аудандық полиция қызметкерлері Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша тексеру жүргізді. 28 жастағы әйелдің кішкентай баласына дене жарақаттарын салғаны анықталды, — деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді, онымен тергеу амалдары өткізіліп жатыр, содан кейін ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.
— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі бала Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсыныс жіберіледі, — деп қосты ведомство.
Атап өтілгендей, тергеу барысын Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған. Тергеу қорытындылары бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
— Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Балалардың құқықтары жөніндегі аймақтық өкіл жайдайды бақылауына алған, — деп атап өтті ҚР Білім министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті.
