Жетісу өңірінде халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын инвесторлар салады. «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында әуе айлағы пайда болмақ.
Қазақстан-Германия бірлескен жобасы 250 миллиард теңге инвестиция тарта отырып, үш кезеңде жүзеге асырылады. 700 жұмыс орны ашылады.
«Өнімділігі – 50 мың тонна жүк, жолаушылар терминалының өткізу қабілеті – сағатына 500 адамға дейін. Жобаны жүзеге асырудың негізгі мәселелері мен перспективаларын бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев инвесторлармен кездесуінде талқылады», –деп мәлімдеді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.