Астана. 10 қыркүйек. BM.KZ – Фототұзаққа Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жабайы жануарлар түсіп қалды.
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізіліп жатқан кешенді қорғау шаралары өз нәтижесін берді. Кейінгі жылдары аумақта жабайы жануарлар саны айтарлықтай өскен.
Экологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Қаратау арқары мен басқа да сирек жануарлардың саны жыл сайын тұрақты түрде артып жатыр.
Мамандар мәліметінше, мұндай оң өзгерістер, ең алдымен, орманшылар мен инспекторлардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Олар браконьерлерді тиып, жануарлардың мекен ету ортасын сақтап отыр. Сондай-ақ табиғи тепе-теңдікті қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
