Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов елдегі жол-көлік оқиғаларының өскенін айтты. Ол бұл туралы өзінің X парақшасында жазды, деп хабарлайды деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.
«Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 90%-ға өсті, сондай-ақ құрбандардың саны да артып келеді. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында теріс тенденция байқалады», — деді Берік Асылов.
Ол осыған байланысты прокурорларға мемлекеттік органдармен бірігіп, оның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.