Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Ғани Бектайұлы Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылған еді.
