Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 30 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында көктайғақ және қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар кейбір жолдарында көлік қозғалысы шектелді:
• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық жолының 338-632-шақырым аралығы (Бейнеу ауылы мен Шетпе ауылы арасындағы учаске);
• осы жолдың 632-718-шақырым аралығы (Шетпе ауылы мен Жетібай ауылы арасындағы учаске).
Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.
