ҰБТ оқушының соры ма? Әлде керісінше шыныменде барлық 11 жылдық білімнің қорытындысы ма?
25 мамыр артта, оқушылардың алдында үлкен маңызды сынақ ҰБТ тұр. 11 жылдық білімді 1 сынақпен тексеру 2004 жылдан бастау алып, жыл сайын бір өзгеріспен жандануда. Айта кетейік, соңғы 2 жылда ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік берілген.
Ұлттық тестілеу орталығының мәлімінше, биыл негізгі ҰБТ-ны 30 000-нан астам талапкер тапсырмақ. Оның ішінде 69%-ы қазақ тілінде, 31%-ы орыс тілінде 40 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға тілек білдірген. Тестілеу 12 шілдеге дейін созылады.
Тестілеу қаншалық шынай өтеді? Барлық 11 жылдық білім, әр жылда 10-нан астам пән 1 баланың басында қала ма? ҰБТ жастар арасында “Ұлы бір күндік төңкеріс” деп әзіл ретінде аударылады. Мектеп оқушысы үшін жауапкершілікті талап ететін сәт. Алайда, эмоцияға беріліп, білім сынағын еңсере алмағандар түрлі әрекеттерге барып жатады. Бірақ, еш уайымсыз, тек білімге сенген жандарда аз емес, оны да ескерген жөн. Талпынамын, жетемін деген адамға тауды қопаруға да күш жетеді. Тек, сағымыз сынбай, тестілеуден кейін де өмірің алда екенін ұмытпаған жөн.
Арнайы BAIMedia үшін
Айгүл Тәңірберген, ЕҰУ студенті