Түркістан қаласында «ARAL — 2024» жасылдар партияларының халықаралық І саммиті басталды. Басқосу құрылғанына 2 жыл толған “Байтақ” партиясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Саммитке Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия мен Ресейдің жасылдар партияларының жетекшілері мен экология жанашырлары қатысуда.
Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып, айтулы жиынға ат терлетіп келгені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, партияның екі жылда атқарған жұмыстары жайлы баяндап, алдағы уақытта да әлемдегі ортақ экологиялық проблемаларды бірге шешу үшін күш біріктіруге дайын екендігін жеткізді.