Халық арасында “Жабайы Арман” (“Дикий Арман”) атымен танымал А.Жұмагелдиевтің сыбайласы елге экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайлы.
Сезікті 2022 жылғы қаңтарда Алматыда орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан деген күдікке ілінген. Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының құрамында әрекет еткен азаматқа үш жылға жуық халықаралық іздеу жарияланған. Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілген сезікті қазір қамауға алынды дейді мамандар.
“Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген” — дейді Бас прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктіні елге жеткізу операциясы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстанның Дубайдағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан.
(Фото: Бас прокуратура)
