Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды.
Депутаттың айтуынша, олараға 1,5 жыл салып ойын бизнесін реттеу бойынша заң жобасын қолға алып отыр. Құжатқа Үкіметтен қорытынды алу оңай болмаған.
«Әдетте басқа заңдар бойынша қорытындыны 1-2 ай күтетін болсақ, ал бұл заңға келгенде тым созылып кетті. Екі шақырылымдағы депутаттық тәжірибемде осыншама ұзақ уақыт бойы Үкімет қорытындысын алуды бірінші көріп отырмын. Демек, мұның айналасында мүдделі топтар, лоббистер бар деген сөз. Яғни мұнда үлкен қаражат айналып жатыр. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен екен», — деді халық қалаулысы.
Депутат құмар ойындар жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, бірінші орынға шыққанын атап өтті.