Соңғы бірнеше күн бойы еліміздің көптеген өңірлерінде су тасқыны болып тұрғындардың зардап шегіп жатқаны белгілі. Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдер жұмыс жасап жатыр. Дегенмен тұрғындарға келтірілген зардаптың көлемі мен көрсетілетін жәрдемақы көлемі әлі анықталған жоқ. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов шұғыл тапсырмалар берді. Қазіргі таңда вице-премьер Роман Скляр Ақтөбе өңірінде жүр. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына жәрдем беру жұмысы жалғасуда. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы, саясаткер Азаматхан Әміртаев Астанаға іргелес орналасқан Қоянды ауылына барып тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар «Байтақ» жасылдар партиясында колл-орталық ашылып, штаб құрылды. Партияның атқарушысы хатшысы Нұрлан Көптілеутегі Қостанай облысына аттанса, барлық партияның филиал басшылары өз өңірлерінде жұмыс жасауда. Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді.
Трендте
- Жол апатынан зардап шеккендердің саны рекордтық деңгейге жетті
- Отандық «Бауырына салу» фильмі Оскар сыйлығының үміткерлер қатарына енді
- Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды
- Президент жарлығымен Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі Елшісі тағайындалды
- Қазақстан ең арзан интернеті бар елдер тізіміне енді
- Ұлттық валютамызға 31 жыл: Теңгенің шығу тарихы қандай?
- Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа жамбылдықтар бағалы сыйлық берді
- «Ниеті дұрыс емес»: Айгүл Орынбек елдегі қайырымдылық қорларды жабу керегін айтты