• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ұлттық валютамызға 31 жыл: Теңгенің шығу тарихы қандай?

Ұлттық валютамызға 31 жыл: Теңгенің шығу тарихы қандай?

15 ноября, 2024 Жаңалықтар

Төл теңгенің тарихы

1990 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң, тәуелсіз елдер бірінен соң бірі ұлттық валютасын бекітіп, айналымға енгізе бастады. Аталған тарихи оқиғадан Қазақстан да қалыс қалмады. Осылайша, 1993 жылы 12 қарашада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.

1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға шықты. Бұл күн – ұлттық валюта – теңге күні саналады.

Ұлттық валютаның айналымға енуіне байланысты ел тарихындағы мынадай үш маңызды датаны атап өтуге болады:

1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Осылайша, ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталған;

1997 жылдан бері тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен 15 қараша – валюта күні әрі қаржыгерлер күні деп белгіленді;

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгіcін бекітті.

Ұлттық банк — ұлттық валютаның жалғыз эмитенті

Бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ұлттық валютаның Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз эмитенті.

Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгілері банкноттардан және монеталардан тұрады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі мен сипаттамалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қазақстан Ұлттық банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды, — делінген Ұлттық банктің ресми сайтында.

Қазақстан Ұлттық банкінің банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Теңгенің ең алғашқы көрінісі

Ең алғашқы қағаз купюралардың үлгісін суретшілер Қайролла Әбжәлелов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов мен Меңдібай Алин жасаған. Онда қазақ тарихында есімі қалған белгілі тұлғалар, еліміздің Алатау мен Көкшетау сынды табиғаттың әсем көріністері және т.б. тарихи маңызы бар оқиғалар көрініс тапқан. Естеріңізде болса, бір теңгелік банкнотта Әбу Насыр әл-Фарабидің, үш теңгеде — Сүйінбай Аронұлының, бес теңгеде — Құрманғазы Сағырбайұлының, он теңгелік банкнотта — Шоқан Уәлихановтың, жиырма теңгеде — Абай Құнанбайұлының, елу теңгеде — Әбілқайыр ханның, ал жүз теңгеде Абылайханның бейнесі болған.

Осы жылдар аралығында төл теңгенің сыртқы келбеті талай мәрте өзгертілді. Ондағы тұлғалар алынып тасталып, банкноттарда қазақтың көрнекті жерлері, тарихи жәдігерлер мен ескерткіштер көрініс таба бастады. Мәселен, 2016 жылдың 1 желтоқсанында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 10 000 теңгелік банкноталар айналымға шығарылды.

Алғашқы банкноттар Ұлыбританиядан басып шығарылды

Ең бірінші банкноттар Ұлыбританиядан жеткізілген екен. Себебі тұманды Альбион елінің Harrison&Sons фирмасында тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы банкноттар басып шығарылды. Басылым ұсынған деректерге сәйкес, қағаз ақша елімізге ұшақтар арқылы жеткізіліп, сол жолы бас-аяғы 18 рейспен 8 күн ішінде жеткізілген екен. Одан бөлек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қағаз тиындар да басылып шығарылды. Олар отандық цехтарда шығарылған. Бүгінде қазақстандық теңгенің барлық түрі Алматыдағы банкнот фабрикасында жүзеге асырылады.

Алғашқы теңге сарайы – Өскеменде

Еліміздегі ең алғашқы теңге сарайы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының жанында ашылғанын көпшілік біле бермейді. Қазақстан тарихында қазіргі айналымдағы монеталар тұңғыш рет 1998 жылдың қараша айында еліміздің монета алаңында шығарылған. Қазіргі таңда аталған кәсіпорын Ұлттық банктің тапсырысымен, түрлі-түсті металдардан, алтын және күмістен монеталар жасап шығарумен айналысады. Мұндай монеталарға түрлі номиналдағы циркуляциялық, естелік, коллекциялық монеталар жатқызылады. Сонымен қатар теңге сарайы ұлттық наградалар мен медальдарды дайындауымен де айналысады. Осы жылдар аралығында Қазақстанның төл теңгесінің төрт серися шығарылып, алты номиналға банкноттар мен жеті номиналдағы монеталар шығарылған екен. Бүгінгі таңда республика бойынша 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелің банкноттар айналымда жүр. Ал, монеталар қатарында 5-10-20-50, 100 және 200 теңгелік монеталар айналымда бар.

Төл теңгеміз – үздіктер қатарында

Осы жылдар арасында қазақстандық теңге талай мәрте үздік банкноталар атағын алып үлгерді. Мәселен, 2011 жылдан бастап үш жыл қатарынан отандық банкноттар әлем бойынша үздік банкноттар деп танылды. Қазақстандық банкноталар төмендегідей байқауларда бас жүлдені алды: 2014 жылы түркі жазуына арналған «Күлтегін» естелік банкноты Халықаралық банкнот қауымдастығының (IBNS) нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік банкнотына айналды. Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) 2007 жылы номиналы 10 мың теңгелік банкнотты әлемдегі ең үздік деп таныды. 2016 жылы 20 мың теңгелік банкнот High Security Printing Europe конференциясында үздіктер қатарынан табылды. Сонымен бірге ол 2015 жылдың үздік аймақтық банкноты деп танылды. Төл теңге айналымға енгелі бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, ол тұғырлы тәуелсіздіктің, ел егемендігінің символы болып қала бермек. Жыл сайын атап өтілетін Ұлттық валюта күні – соның айғағы.

Оқылып жатыр

АҚШ Иранға қарай ең мықты ұшақтасымалдағыш кемесін жіберді

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында қай спортшыларымыз шығады?

Ертең наурыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Иранға қарай ең мықты ұшақтасымалдағыш кемесін жіберді

Әлем 14 февраля, 2026

Астана. 14 ақпан. BM.KZ – АҚШ Таяу Шығысқа USS Gerald R. Ford ұшақтасымалдағышын жібереді. Ол…

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында қай спортшыларымыз шығады?

14 февраля, 2026

Ертең наурыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады

14 февраля, 2026

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

14 февраля, 2026

Қорғаныс министрлігі «әскерден босату» қызметтерінің заңсыз екенін ескертті

13 февраля, 2026

ҚМА 620 млн теңгені заңсыз иемдену дерегін тергеп жатыр

13 февраля, 2026

eGov Mobile қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды

13 февраля, 2026

Елімізде наурыз мейрамында пойызға билет табу жеңілдейді

13 февраля, 2026

ІІМ Алматыда есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты

13 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі

13 февраля, 2026

Димаш Түркістанның туристік орындарын таныстырады

13 февраля, 2026

Ким Чен Ын қызын мұрагері ретінде дайындап жатыр

13 февраля, 2026

Елена Рыбакинаның жеңіс сериясы Доха турнирінде тоқтады

13 февраля, 2026

Бүгін кей өңірлерде оқушылар қашықтан оқуға көшті

13 февраля, 2026

Александр Бублик алғаш рет Роттердам турнирінің ширек финалына шықты

13 февраля, 2026

Ғашықтар күні: ІІМ азаматтарды алаяқтан сақ болуға шақырады

12 февраля, 2026

БҚО-да лудоманияға шалдыққан кәсіпорын бухгалтері 118 млн теңге жымқырған

12 февраля, 2026

Қазақстандық арнайы жасақ UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінде топ жарды

12 февраля, 2026

Миллиардтап ақша жымқырған экс-ректор бостандыққа шықты

12 февраля, 2026

Алматы қаласында жасырын есірткі зертханалары жойылды

12 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.