Өткен жылдан бастап «MINERALS.GOV.KZ» ақпараттық платформасы іске қосылды
«Қазіргі уақытта платформа 56 мың геологиялық есеппен толтырылған. Бұл ретте Комитет оны бастапқы геологиялық деректермен, яғни далалық журналдардың, ұңғымалар баянаттарының деректерімен, геофизикалық деректермен және басқа да далалық ақпаратпен толтыруға кірісті»,-деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтер бойынша функциялардың 100% — н цифрландыру және автоматтандыру жоспарлануда.