• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Ұлы Тұранның жаңа келбеті қалыптасып жатыр» – Әзербайжан саясаттанушысы

«Ұлы Тұранның жаңа келбеті қалыптасып жатыр» – Әзербайжан саясаттанушысы

8 октября, 2025 Басты тақырып
Ризван Гусейнов Саммит ОТГ
Фото: bulak.kg

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Сейсенбі күні өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XII саммиті түркі әлемі тарихындағы маңызды оқиға болды. Саммит қорытындысында қабылданған Габала декларациясы – Ұлы Тұранның қайта жаңғыруының бастауы болуы мүмкін. Әзербайжан тарихшысы әрі саясаттанушы Ризван Гусейнов осындай пікір айтты.

Әзербайжанның Габала қаласында өткен саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар Қазақстанды түркі кеңістігіндегі жасанды интеллект пен цифрландыру орталығына айналдыруға бағытталған.

Саммит қорытындысы бойынша қабылданған декларацияның негізгі мақсаты – түркі әлемін Еуразиядағы дербес саяси және экономикалық орталыққа айналдыру.

Ризван Гусейнов
Ризван Гусейнов

«Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті – бұл тек түркі әлемі үшін ғана емес, бүкіл Еуразия үшін тарихи оқиға. Қазір түркі елдері арасындағы ынтымақтастық барлық салада жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл үдеріс экономика, қорғаныс және қауіпсіздік, көлік пен транзит, байланыс, ғарыш және гуманитарлық бағыттар бойынша қарқынды жүріп жатыр. Габала саммиті мен қабылданған декларация түркі әлемінің даму жолын айқындап берді. Құжатта 2040 жылға дейінгі нақты мақсаттар мен міндеттер белгіленген. Әрбір түркі елінде осы мақсаттарды жүзеге асыруға жауапты министрліктер мен ұйымдар анықталып, нақты іс-қимыл тетіктері бекітілді», – дейді әзербайжандық саясаттанушы Ризван Гусейнов.

Сарапшының пікірінше, Ұлы Тұран – тек түркі халықтарын ғана емес, өзге де елдерді біріктіре алатын идея.

«Түркі халықтары әрдайым еркіндік пен тәуелсіздікті жоғары бағалап келген. Олар ешқашан басқа елдерге қысым көрсетпеген. Егер түркілерге ешкім шабуыл жасамаса, олар да соғыс бастамаған. Ал кімде-кім түркі халықтарына қарсы соғыс құралына айналса, кейін міндетті түрде соған өкінгенін тарих талай дәлелдеді.
Жақында болған мысал – Арменияның жеңілісі. Бұл елді кейбір күштер Әзербайжанға және жалпы түркі әлеміне қарсы құрал ретінде пайдаланды. Мақсат – Тұран кеңістігінің бірлігін болдырмау еді. Бірақ Әзербайжанның жеңісінен кейін бәрі өзгерді. Енді Тұранды біріктіру және нығайту бағытындағы процестер бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Қазірдің өзінде Занзегур дәлізін салуды жеделдету жөнінде тарихи шешімдер қабылданды. Бұл дәліз Армения арқылы тұтас Тұран кеңістігін біріктіреді», – дейді Ризван Гусейнов.

Тарихшының айтуынша, бүгінде Тұран кеңістігін қалыптастыру мен дамыту үдерісінің басында үш мемлекет басшысы – Әзербайжан, Түркия және Қазақстан президенттері тұр.

«Бұл үдерісте кім басты рөлде деген сұрақтың өзі артық. Иә, жасы жағынан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ақсақал саналады. Бірақ біз үштағанды көреміз: Түркия, Әзербайжан және Қазақстан Тұранның негізгі қозғаушы күші болып отыр. Сондай-ақ бұл істе Өзбекстан мен оның басшысының да рөлі айрықша. Ең маңыздысы – осы саммитте Түрікменстанның бірігу үдерісіне қосылғанын көру болды.

Қазақстан – ең үлкен түркі мемлекеті және геостратегиялық тұрғыдан өте маңызды аймақта орналасқан: Каспий теңізінен Қытай шекарасына дейін созылып жатыр. Сондықтан бұл жобаны Қазақстансыз жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстан бұл құрылымда осьтік, яғни негізгі бағыттаушы рөл атқарады. Ал Әзербайжан – байланыстырушы буын, өйткені ол Түркия мен Жерорта теңізінен басталып, Кавказ бен Каспий арқылы Қазақстанға жол ашады. Бұл – достық пен бауырластықтың, экономикалық ынтымақтастықтың кеңістігі», – деп түйіндеді саясаттанушы.

Ризван Гусейновтың айтуынша, Габала декларациясының маңызды тұстарының бірі – әскери-саяси және әскери-техникалық ынтымақтастықты тереңдету.

«Ең алдымен өз жобаларымызды қорғай алуға тиіспіз. Ал ғарышқа спутниктер ұшыру туралы бастамалар Тұран кеңістігінің өз ғарыштық бағдарламасын қалыптастырып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – стратегиялық тұрғыдан аса маңызды қадам. Сондай-ақ гуманитарлық салаға да ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл барлық түркі елдерінің латын әліпбиіне көшуі мен ортақ түркі тарихын жазу ісі», – деп қорытындылады саясаттанушы.

Темірлан Құсбаев,
Астана – Баку – Астана,
BM.KZ

Габала Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Режеп Тайип Ердоған Ризван Гусейнов саммит ТМҰ Түркия Түркіменстан Тұран

Оқылып жатыр

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.