Шымкент. 15 қазан. BM — Қала тұрғыны досымен бәстесем деп өміріне қауіп төнді. Себебі ол 26 қалапсапты жұтып қойған.
Қала тұрғыны бәстің шартын орындау үшін бірден бірнеше қаламды жұтқан. Біраз уақыт өткен соң ер адам өзін жайсыз сезініп, асқазан-ішек жолдарында қатты ауырсыну пайда болғандықтан, ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер 38 жастағы науқасты тексеру барысында оның асқазанында көптеген бөгде зат барын анықтаған. Мамандар екі сағатқа созылған эндоскопиялық ота жасап, асқазаннан барлығы 26 дана қаламсапты сәтті алып шықты.
«Науқас асқазан-ішек жолдарында бөгде заттардың болуына шағымданып келді. Оған эндоскопиялық ота жасалып, тіліксіз бөгде заттар алынып тасталды. Қазіргі таңда пациент хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты», – деді эндоскопист-дәрігер Мұхамедәлі Төлегенов.
Қазір науқастың жағдайы жақсы. «Батылдығын» дәлелдемек болған ер адам дәрігерлердің бақылауынан кейін үйіне шығарылды.
Мамандар тұрғындарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды, әсіресе ағзаға бөгде заттарды әдейі жұтудан сақ болуды ескертеді. Мұндай оқиғалар адамның өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екенін дәрігерлер ерекше атап өтті.
