«Дежавю» деген термин бар (өтіп жатқан оқиға бұрын болған сияқты). Бірақ мұның, өкінішке қарай, көктем келіп, қар ерігенше қол қусырып отыратын біздің билікке қатысы жоқ. Олар «мұндай үлкен су тасқынының болатынын кім білген» дейді.
Жағдай қиын
Қарғын суға байланысты төтенше жағдай еліміздің батыс, шығыс және орталық бөлігінде жарияланды. Әсіресе, Ақтөбе облысы көп зардап шекті. Ең қиын жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалады.
– Мен қарғын судан зардап шеккен аймақтарды аралап шықтым, апаттың ауқымы мен шығынын көрдім. Қарғын судан адамдардың мүлкі мен инфрақұрылымына зор зиян тиді. Жолдар мен көпірлерді су шайып кеткен. (…) Жағдай, жоғарыда айтып өткенімдей, қиын, – деді Президент Қ.Тоқаев.