Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты Үндеуінде баршамыз жұмыла, зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырған болатын.
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері жұртпен жұмыла Атырау облысы, Құлсары қаласы мен Жылыой ауданына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Экологиялық партия Алматы қаласы мен еліміздің бірнеше өңірінен гуманитарлық көмек жинауда. Екі күн ішінде 22 тонна киім-кешек пен азық-түлік жинаған.
Төтенше жағдай жарияланған өңірлерге көмек көрсетуді «Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы ұйымдастыруда және бұл игі іс партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың бақылауында, дейді олар.