Қазіргі таңда Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны — 2680.
ҚР ТЖМ күштерімен Жем өзенінің арнасынан асып Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырылып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін бекіту жүргізілді.
20 қоңырау түсіп, 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылып, 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 40 үй жануарлары эвакуацияланды.