Өңір таулы аймақтарда орналасқандықтан, қазіргі кезде жаңбыр жауып тұр, кейбір жерерде су деңгейі көтерілуде. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп күзден бері жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыс әкімдігімен бірге күн сайын әуеден немесе жерден қадағалау жұмыстары атқарылады.
«Өзендердегі қатқан мұздарды жару жұмыстарды жүргізіп, қауіптерді сейлтіп жатырмыз. Ақпаннан бері облыс аумағында тәулік бойы шұғыл штаб жұмыс істеп келеді. Су тасқыны басталғалы бері облыс көлемінде ешқандай су тасқыны болған жоқ. 1 наурыздан бері 1-2 жерде су көтерілу салдарынан үш үйге су кірген. Қазіргі таңда ол жерлердегі су кетті. Қауіп жоқ. Құтқарушылар мен қызметкерлер өз жұмыстарын атқарып жатыр», — деді ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.