Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Оқиға 28 қаңтар күні сағат 14:00-де орын алған. Медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған. Салдарынан 29 жасар жас маман мерт болды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
-28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, — делінген хабарламада.
