Теңізшевройл су тасқынымен күресушілерге көмек ретінде 2 миллиард теңге бөлді. Онысына рахмет. Бірақ, арзандау құтылып тұрған жоқ па? Тек Жылыой ауданында 2800 тұрғын үйді су басты. Үкімет бір үйдің құнын 22 млн теңгеге бағалап отыр. Бұл 80 шаршы метрлік үй немесе 2 бөлмелі пәтердің құны. Яғни шаршы метрін 281 мың тенгеге бағалап отыр. Демек, Теңізшевройлдың бөлген қаражаты небәрі 90-үй сатып алуға ғана жетеді. Жақсы оған да көндік. Теңізшевройл тіпті бір тиын да шығармай қойса да ештеңе дей алмаспыз. Ал бүлінген экологияны қайтеміз? Өткен жылы бұл компания ауаны ластағаны үшін 2,8 млрд тенге айыпппұл төледі. Бұл туралы біздің шығармашылық топ мақала да жазды. https://baimedia.kz/kak-tengizshevrojl-snizhaet-vybrosy-metana/ Мақалада Теңізшевройл метан қалдықтарының тоннасына бар жоғы 72 тенгеден ғана салық төлейтіні айтылған. Бұл төленген қаражат бүлінген табиғатты қалпына келтіруге жете ме? Атырау облысын зиянды қалдықтармен ластап жатқан ірі компаниялар жалпы алғанда 9,5 млрд тенге ғана салық төледі. Бұл бүтін бір облыстың құрдымға кеткен экологиясын тазартуға жетпейді. Келтірген залалдары мен зардаптары триллиондаған доллар қаражатты талап етеді. Тіпті ол да жетпесі анық. Олар өндіріп жатқан мұнайдың өңір экологиясына, Каспийге, азаматтардың денсаулығына тигізіп жатқан зардабын ешкім есептей алмас. Сонда ластанған Каспий мен өңірге, адамдарға келтірген зардаптарды милллиардтаған доллар пайда тауып отырған бай компания теңізде өліп жатқан итбалықтар мен бүлінген экологияны, 2 миллиард тенге яғни, 4 миллион тенгеге ғана бағалағаны ма?
Азаматхан Әміртаев,
«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы