Тексеріс нәтижесі бойынша мердігердің аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты заңбұзушылықтар анықталған.
Салдарынан Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төнген.
Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне беру туралы мәселе көтерілген.
Нәтижесінде Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.