Ақтөбе облысында кей ауылдар жойылып кетуі мүмкін
Ойыл ауданына қарасты Қаратал және Екпетал ауылдарын жыл сайын көктемде еріген қар суы басып қалады. Тіпті биыл Қаратал ауылындағы үйлердің 100 пайызын су шайып кеткен. Мұнда бар жоғы 200-ден астам үй бар. Олардың тек 10-ы ғана судан аман қалған.
Ал Екпетал ауылында су басу оқиғалары жиілеп кеткен. Жергілікті билік тұрғындарды Ойыл ауданына көшіру арқылы мәселені шешпек. Ал облыс орталығының инженерлік инфрақұрылымы 200 тұрғын үй салуға дайын екенін хабарлады.