Атырау облысындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты өңірдегі мұнай-газ және басқа да қауіпті нысандарда қорғау шаралары жүргізілуде. Кәсіпорындарды, «Квадрат» және «Тухлая Балка» булану кен орындарын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, «ANPZ» ЖШС нысандарын, NCOC компанияларын («Болашақ» зауыты), «КРІ» ЖШС, «KUS» ЖШС, «Вест Дала» ЖШС, «Қазтрансойл» АҚ «АНУ» және т.б зауыттардың су басу ықпалдығын азайту мақсатында қоршауларын пломбалау және нығайту, сонымен қатар құм қапшықтарын, пленка және басқа да материалдарды пайдалана отырып, қорғаныс бөгеттерін салу арқылы аталған кәсіпорындардың периметрлерін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын нысандарын су басуынан қорғау бойынша басқа да тиімді шаралар қабылдануда. Кадрлық кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға 32 арнайы техника мен зауыт пен мердігер ұйымдардың 220-дан астам қызметкері жұмылдырылған. 2024 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша нысандарды, желілік тораптарды немесе магистральдық мұнай құбырларын су басуы тіркелген жоқ. Бүгінгі таңда су басу қаупі жоқ.
Трендте
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды