«Әуезов», «Қаламқас-Теңіз», «Хазар» кен орындарының бір шылбыры ресейлік «Лукойлға» берілді.
Сарапшылар Қазақстанның бұл қадамына қайран қалды. Өйткені «Лукойл» АҚШ санкциясына 2014 жылғы қыркүйекте алғашқы болып іліккен компания. Америкалық санкциялардың орындалуын қадағалайтын органы – Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) санкция аясында бұл ресейлік компанияның теңіздегі, терең қайраңдардағы мұнай өндірісі жобаларын қолдауға, технологиялар, тауарлар мен қызметтер жеткізуге батыс компанияларына тыйым салады. Оған инвестиция құюға, несие беруге шектеу енгізілді.
Каспийдегі «Әуезов», «Қаламқас-Теңіз», «Хазар» қазыналы учаскелері жағаға жақындау орналасқанымен, бәрібір күрделі кен орындары саналады. Оның үстіне Батыстың, дамыған елдердің технологияларынан қағылған «Лукойл» моральдық тұрғыдан ескірген ресейлік не қытайлық жабдықтарды қолданса, Каспий теңізіне экологиялық апат қаупі төнбейді дейді.