• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ым-ишара тілін қазақшалау керек

Ым-ишара тілін қазақшалау керек

22 мая, 2024 Ғылым

 

Қазіргі таңда әлем бойынша халық үшін қолайлы өмір қарастылуда. Қоғамнан шеттетілмей, бәрімен тең құқықты болу әрбір мемлекет өкілдерінің міндеті. Осы тұста дәл Қазақстанды алып, ондағы тіл мәселесінің өзектілігін көтерсек. Әрине, қазақ тілін дамыту, қолданысын кеңейту маңызды. Бірақ қазақ тілімен қатар, ым-ишара тілін де қолға алған жөн.

Мемлекетімізде құлағы естімейтін, сөйлеу қабілеті төмен 200 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Соған байланысты ҚР заңнамасы бойынша, әрбір есту қабілеті нашар дамыған адам жыл сайын 60 сағатқа дейін ымдау тілі маманының тегін кызметтеріне жүгіне алады. Қазақстанда қазірге мұндай тіл жоқ, қабылданбаған. Ым-ишара тілі – құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын адамдардың ана тілі. Ондай жандар елімізде көп болуына қарамастан, ымдау тілінде қазақ сөздігі жоқ. Өйткені мектептен бастап ым-ишара тілі орыс тілі негізінде үйретінледі.

«Кеңес Одағы саясаты  көптеген бұрынғы республикалардың, соның ішінде Қазақстанның тіл саясатында терең із қалдырды. Орыс ымдау тілі ерекше жандар үшін негізгі қарым-қатынас құралы болды. Бұл үрдіс тәуелсіздік алғаннан кейін де жалғасын тапты. Нәтижесінде Республика бойынша Қызылорда облысы және Шымкент қаласында ғана құлағы естімейтін азаматтар қазақша сөйлей алады», — дейді Қазақстан саңыраулар қоғамы бірлестігінің президенті Сайлаугүл Омарханова. Өйткені, бұл саланы толыққанды зерттейтін ғалым, филологтар да жоқтың қасы. Міне осы фактіге сүйеніп, көтеріп отқан мәселеміз өзекті екенін аңғаруға болады.

Жалпы қазақ тілі өзге тілдерге қарағанда грамматикалық тұрғыда қиындау деп саналады. Болашақ және өткен шақтардың бірнеше түрінің болуы — ымдау тілін білетіндердің толық түсінуін қиындатады. Нәтижесінде, оқулықтардан ақпарат алу күрделеніп, білім алуға кедергі келтіреді. Тіпті теледидардағы жаңалықтарда, фильмдердегі субтитрлердің болуы толыққанды түсінуге мүмкіндік бермейді. Қазақша ымдау тілі бойынша компьютерлік сурдоаударма жүйелері қазіргі күнге дейін жоғарғы деңгейде дамымаған. Сондықтан осы салада зерттеулер жеткіліксіз. Одан бөлек қазақ ым-ишара тілін қалыптастыру үшін тағы не істеу қажет? Менің ойымша ол үшін тіл мамандарының, педагогтардың және саңыраулар қоғамы мүшелерінің басын біріктіріп, қазақ тілінің ерекшеліктерін де, Қазақстанда осы уақытқа дейін қалыптасқан ымдау тәжірибесін де ескеріп стандарттау қажет. Екіншіден, қазақ ымдау тіліне мамандар даярлау керек. Оның ішінде қазақтілді саңырау адамдармен жұмыс істейтін мұғалімдерге, аудармашыларға және әлеуметтік қызметкерлерге арналған тренингтер өткізуді қолға алу шарт. Үшіншіден, оқу-ақпараттық материалдар, оқулықтар қазақ ымдау тілінде жасалуы керек. Бұған мектеп бағдарламалары, бейне сабақтар, сөздіктер және басқа ресурстар кіреді. Одан бөлек қазақ ымдау тілінің маңыздылығы туралы хабардар ету үшін ақпараттық науқандарды өткізуді қолға алған жөн.

Көрсетілген ақпараттарды ой елегінен өткізе келе Қазақстанда қазақ ымдау тілін дамыту және енгізу –  саңырау адамдардың теңдігі мен мәдени интеграциясын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам деген тұжырымға келдім. Бұл олардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, қазақ халқының мәдени мұрасы мен тілдік ерекшелігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа жету жолында мемлекеттің, қоғамның, мамандардың күш-жігерін біріктіру маңызды.

Мақала авторы: kunsuygen🦎

Ардана Сағынбаева

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.