Оңтүстік Корея КХДР-мен әскери келісімді тоқтатуға шешім қабылдады
Ел Сеул мен Пхеньян астаналары арасындағы сенім қалпына келгенге дейін әскери келісімді тоқтатуға шешім қабылдады.
Корея Республикасы енді әскери-демаркациялық сызық бойында КХДР-ге қарсы барлау және бақылау операцияларын қайта бастайды.
2018 жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Ин мен КХДР лидері Ким Чен Ын шекараның жер, теңіз және әуе аймақтарында буферлік аймақтар құру және дұшпандық әрекеттерді тоқтату туралы әскери келісімге қол қойған еді.
Үсенқұл Шыңғыс