Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық. Оның ішінде жиналған судың 12 миллиардтан астамы тасқын су болып табылады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Салыстыру үшін: өткен жылы республиканың барлық ауыл шаруашылығы саласына 14 миллиард текше метр су пайдаланылған. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша бүкіл ел 24,4 миллиард текше метр су пайдаланған.
Қазақстанның су қоймалары жалпы көлемі 89 миллиард текше метр суды сыйғыза алады.
«Сонымен қатар, тасқын суды жинау жұмыстары жалғасуда. Балқаш көліне тасқын жағдайы басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін 3,3 миллиард текше метр су бағытталды, ал Каспий теңізіне шамамен 6 миллиард текше метр су жіберілді», – деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.