Скутер «КамАЗ»-ға соғылды: Павлодар маңында екі оқушы жантүршігерлік жол апатында қаза тапты.
2009 жылы туған кәмелетке толмаған бала скутермен шығыстан батысқа қарай жүріп бара жатқан. Ақсу қаласының Қарабай ауылы маңындағы 3-ші километрде, басқаруды игере алмай, жолдың оң жолағында тұрған «КамАЗ» маркалы автокөліктің артқы бөлігіне соғылған. Бұл автокөлік түрлі деректер бойынша, «Қазавтодор» ЖШС-не немесе «Қажсервис ДЭУ-62» ЖШС-не тиесілі болған. «КамАЗ» жол бөлігінде шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрған.
Жол апаты салдарынан 2008 жылы туған кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. 2009 жылы туған скутер жүргізушісі Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасына жеткізіліп, есін жимастан қайтыс болды. Екі кәмелетке толмаған бала да Ақсу қаласының № 2 орта мектебінің 9-сынып оқушылары болған.