Совет мультфильмдері қазақшаланбақ
Мәдениет министрлігі аударып, экранға шығармақшы
«Ол мультфильмдер шынымен де еңбек құндылығына, жақынға құрмет, Отанға деген махаббат құндылықтарына сәйкес келеді. Біз ретрансляцияламаймыз, аудармасы болады. Яғни архивтен алып, мемлекеттік тілге аударып көрсетеміз және әлеуметтік желідегі жұмысты күшейтуге қолданамыз. Өйткені 3-18 жас аралығындағы өскелең ұрпақтың үлкен бөлігі әлеуметтік желіде отырады. Сондықтан аударма, дубляж мәселесін бақылауда ұстаймыз», — деді вице-министр Қанат Ысқақов.
Сіздердің пікірлеріңіз, құрметті оқырмандар?