Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К.Хангиреева мен А.Туғанбаева сотталды. Жоғарғы соттың мәліметінше, олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.
«Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.