• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Еңбекақы көп, зейнетақы аударымы екі есе аз – министр көлеңкелі жұмыс орындары туралы

Еңбекақы көп, зейнетақы аударымы екі есе аз – министр көлеңкелі жұмыс орындары туралы

14 октября, 2024 Басты тақырып

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанның еңбек нарығындағы бірқатар өзекті мәселені атады. Мәселен, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары соңғы жылда айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ.

«Соңғы 5 жыл еліміз үшін айтарлықтай өзгерістер мен сынақтар кезеңі болды. Біз экономикалық дағдарысты, COVID-19 пандемиясын, сондай-ақ еңбек нарығына айтарлықтай әсер еткен бірқатар ішкі қиындықтарды да басымыздан өткердік. Ең бастысы осы қиындықтарға қарамастан, біз еңбек нарығында тұрақтылықты сақтай алдық», — деп атап өтті министр Мәжілісте «Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту» атты Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Қазақстанның еңбек нарығының тұрақты өсуіне қарамастан, мемлекеттің тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын арттыруы үшін одан әрі күш салуды талап ететін бірқатар осал тұстар анықталған.

«Біріншісі – еңбек нарығында ұсыныстарды жасау. Мәселен, мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға және индустрияландыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда. Алайда, соңғы 10 жылғы статистика көрсеткендей, бұл бағдарламалардың әсері жеткіліксіз. Дегенмен, мемлекеттің экономиканы ынталандыру бойынша қабылдаған белсенді шараларына қарамастан, жеке бизнестің жаңа жұмыс орындарын құруға қосқан үлесі шамамен 20 пайызды ғана құрайды. Бұл Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 4 есе аз», — деді С. Жақыпова.

Тиісінше, бүгінде жұмыс орындарының өсімін өнімділігі төмен салалар мен мемлекеттік сектор қамтамасыз етуде. Бұл процестің жанама салдары – Қазақстанның ЭЫДҰ елдерінен еңбек өнімділігі бойынша үш есе артта қалғаны.

«Екінші сын-қатер – формалды емес жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі. 2023 жылы нақты зейнетақы аударымдарының деректері бойынша есептелген еңбекақы төлеу қорының көлемі 20 трлн теңгені құрады. Өз кезегінде, Ұлттық статистика бюросының бағалауынша еңбекақы төлеу қоры екі есе көп – 38 трлн теңге. Еңбекақы қоры бойынша деректердің едәуір алшақтығы сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторларында байқалады. Министрліктің ай сайынғы дерекқор мониторингі ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастырылған әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ екенін көрсетіп отыр», — деді Еңбек министрі.

Сонымен бірге, экономиканың орта кәсіптік білімі бар кадрларға қажеттілігі артып келеді. Бұл ретте бизнес тарапынан сұраныс пен жұмыс күшіне ұсыныс арасындағы сәйкессіздік байқалып отыр.

«Кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары білімі бар түлектерге қажеттіліктен 70% артық. Біліктілігі орташа және жоғары деңгейдегі жұмыс күшіне ұсыныс көлемі бірдей болып қалуда», — деді С. Жақыпова.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025379 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.