Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында уланған оқушылардың саны 300-ге жетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазір 222 бала үйде ем алып жатыр, 67 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 1-4-сынып оқушыларының мектап асханасынан не жегені анықталып жатыр. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, мектепте мәзір күнделікті жаңарып отырады. Мектепке тамақ беретін компания әзірге белгісіз. Зерттеу нәтижесі үш-бес күнде дайын болады.
Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауына алды. Еске салайық, Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шекті.