Бибигүл Жексенбай ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының 11-ші отырысына қатысты.
Сенатор ғылыми-техникалық даму мен заңнамалық қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлін талқылады. Сондай-ақ «Дербес деректерді қорғау туралы» және «ТүркПА-ға мүше мемлекеттерде тұруға ықтиярхат беруді оңайлату туралы» үлгі заңдардың жобаларын түркі елдеріндегі әріптестерімен бірге қарады.
Кездесуге қатысушылар сонымен қатар алдағы 12-ші комиссия отырысының «ТүркПА-ға мүше мемлекеттердегі омбудсмен институттары» тақырыбындағы мәселелерінің өзектілігін талқылады.
Сенаттың Баспасөз қызметі. (Суретті түсірген: А.Байжұманов)