Кореялық геологтар Қазақстанда 15,7 миллиард долларға литий кен орнын тапты
Қазақстанның шығысындағы кен орнын игеру жөніндегі жоспарлары туралы Корей геоақпарат және минералдық ресурстар институты (KIGAM) хабарлады. Кен орнының ауданы 1,6 ш. км. Бұрын бұл жерден тантал өндірілген.
«KIGAM тантал әдетте литий мен цезиймен бірге жеткізілетінін ескере отырып, Қазақстан үкіметінің сұрауы бойынша өткен жылдың мамыр айынан бастап осы ауданды зерттеді», — деп жазады The Korea Times.
Литий электромобиль индустриясы және басқа да қазіргі заманғы өндірістер үшін неғұрлым маңызды минералдардың бірі болып табылады, өйткені ол аккумуляторлардың басты компоненті болып табылады.
Табылған ресурстардың құны шамамен 15,7 миллиард доллар деп бағалануда.
KIGAM келесі жылы литий өндірісін бастау үшін осы ауданда бұрғылау жұмыстарын жүргізу құқығына өтінім беруді жоспарлап отыр.
фотосуреттер: Ренхап