Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу облысында күші 1 ГВт болатын жел электр станциясын салмақ. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман әл-Саудты қабылдағанда айтылды. Ақорданың жазуынша, кездесуден соң екі ел осы жобаны жүзеге асыру бойынша үкіметаралық келісімге қол қойған. Бұл – Қазақстанның Араб түбегі елдерімен жасасқан екінші келісім-шарты. 14 ақпанда президент Тоқаев Катарға іссапарға барғанда қазақстандық QazaqGaz бен катарлық UCC Holding компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауытын салу бойынша келісімге келген.
Трендте
- Талғарда тағы бір лауазымды тұлға қызметінен босатылды
- 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
- Қазақстан азаматтарына қанша зейнетақы төленді?
- Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйел сотталды
- Мемлекет қостанайлық шаруаларға 40 млрд теңге қарыз
- «Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
- Мас күйде келінін балағаттаған ене 10 күнге қамауға алынды
- «Бұлай жалғаса берсе елімізде жастар қалмайды»: Астаналық әйел ұлын төрт адам 9-қабаттан лақтырып жібергенін мәлімдеді