Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу облысында күші 1 ГВт болатын жел электр станциясын салмақ. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман әл-Саудты қабылдағанда айтылды. Ақорданың жазуынша, кездесуден соң екі ел осы жобаны жүзеге асыру бойынша үкіметаралық келісімге қол қойған. Бұл – Қазақстанның Араб түбегі елдерімен жасасқан екінші келісім-шарты. 14 ақпанда президент Тоқаев Катарға іссапарға барғанда қазақстандық QazaqGaz бен катарлық UCC Holding компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауытын салу бойынша келісімге келген.
Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу облысында күші 1 ГВт болатын жел электр станциясын салмақ
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы