Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды
«Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», — делінген өкімде.
Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар. Бұған дейін Қырықбаев Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қала әкімінің орынбасары қызметінде ол 2022 жылғы 12 ақпаннан бері болған. Мамандығы — халықаралық экономист. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген. 2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетіне басшылық еткен. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған.