• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Әлеуметтік желіде отырмайтын «үнемшіл» әкім

Әлеуметтік желіде отырмайтын «үнемшіл» әкім

12 декабря, 2025 Жаңалықтар
Фото: ortcom.kz

Елордалық тілшілер алдында Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желілерде отырмайтынын айтты. Базарларды реттеу, қаланың ауасын тазарту, жасөспірімдер суициді сынды маңызды мәселелер тұрғанда әкімнің әр постқа лайк басып отыратын уақыты жоқ. Тіпті атышулы деген Берденов ісі де әкім араласатын шаруа емес. Ол құзырлы органдардың ісі.

Астанаға есеп бере келген өзге әріптестері секілді Ғабит Сыздықбековтің баяндамасы да оптимизмге толы. Айталық Шымкент, Астана мен Алматы секілді республикалық бюджеттің доноры болмаса да өңірдің  экономикалық өсім көрсеткіштері де баршылық. Халықпен тығыз жұмыс істейтінін білдірген әкім әлеуметтік желілерінде үнемі белсенділігін көрсетіп келеді. Бірақ, ол баспасөз қызметінің жұмысы екен. Өз басы әлеуметтік желі, лайк деген мәселелерден аулақ.

«Жалпы PR, лайк дегенмен айналыспаймын. Әлеуметтік желілерде ресми парақшаларым бар. Оны мен емес, баспасөз қызметі жүргізеді. Маған керекті жерлерін жолдап отырады. Менің телефонымда, әлеуметтік желілер жоқ, себебі, уақытым жоқ. Лайк басу деген менің, біздің дәрежемізден төмен деп санаймын», – дейді ол.

Шымкент демекші, Руслан Берденовтің оқиғасын бүкіл ел болып сөз қылып жатқанда, үн қоспаған осы әкім ғана еді. Елордалық тілшілердің алдында өз орынбасарының басындағы жағдайға қатысты алғаш рет тіс жарды. Онда да еш тереңдемей, құзырлы органдарға сілтеумен ғана шектелді.

«Мен не дейін? Біз құқық қорғау, болмаса, сот шешімін шығаратын орган емеспіз. Болған жағдай орын алды, онымен арнайы органдар айналысты. Сот өзінің үкімін шығарды. Кінәлі адамдар өз жазасын алды», – дейді әкім.

Әкімнің өз басынан бөлек, елдегі үшінші мегаполистің мәселесі аз емес. Түтінге тұншыққан Алматының қатарына бүгінде Шымкент те қосылған. Айталық, Қазгидромет 25 қарашада ауадағы ластану деңгейі артып, күкіртсутегі көрсеткіші қалыпты мөлшерден 1,71 есеге асып түскенін жариялады. Жұрт аузында оның бәрі арнайы экономикалық аймақтан кеп жатқаны айтылады. Оның үстіне, кәмелетке толмағандар арасындағы суицид бойынша да Шымкент антилидерлердің қатарында.

Айта кетерлігі, былғы 10 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы суицид дерегі жөнінен Шымкент антилидерлердің қатарында (13 оқиға). Тіпті, Алматы қаласынан да көп. «Бұл қаладағы жасөспірімдердің моральдық жағдайының нашарлығын, болашағына деген сенімсіздіктің деңгейін көрсетпей ме?» деген орынды сауал туындайды.

Әкімнің сөзінше, олардың анықтағаны, көбіне кішкентай балаларға әлеуметтік желілердің ықпалы бар. Одан бөлек, үйіндегі жағдай. Мысалы, әке-шешесінің арасындағы ұрыс, болмаса ажырасуы салдарынан, мектепте мұғалімдердің ұрысқан жағдайлары бар. Дегенмен, бұл мәселе бойынша жұмыс ұдайы жүргізіліп жатқанын айтады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің түрлі жемқорлық дерегіне қатысты сұрақтардың жауабын тергеу органдарына сілтеумен болған Сыздықбеков қала бюджетін барынша үнемдеп жатқанын да айтты.

әкім әлеуметтік желі Берденов брифинг Ғабит Сыздықбеков Суицид Шымкент

Оқылып жатыр

Демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Ақтөбеге шұғыл қонған халықаралық рейске байланысты тексеріс басталды

Парламент «ҚР Президенті туралы» заң жобасын мақұлдады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Басты тақырып 8 мая, 2026

Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Қазгидромет 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының…

Ақтөбеге шұғыл қонған халықаралық рейске байланысты тексеріс басталды

8 мая, 2026

Парламент «ҚР Президенті туралы» заң жобасын мақұлдады

8 мая, 2026

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

8 мая, 2026

Астанада 9 мамырға орай қандай іс-шаралар өтеді

8 мая, 2026

154 кг марихуана: Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған

8 мая, 2026

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден элиталық дивизионға шықты

8 мая, 2026

Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

8 мая, 2026

Хантавирус анықталған лайнердегі жолаушылар саяхатты жалғастырады

7 мая, 2026

Енді әр азамат қандай жеке деректері ашық тарап кеткенін тексере алады

7 мая, 2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 мая, 2026

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

6 мая, 2026

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.