• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

6 мая, 2026 Жаңалықтар
Фото: ҰОК

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына байланысты теннисшілердің бойкотына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport.

«Ролан Гаррос» Үлкен дулыға турнирінің төңірегінде үлкен дау туындады. Турнир ұйымдастырушылары 2026 жылы жалпы сыйақы қоры шамамен 10 пайызға өсіп, 61,7 миллион еуроға (33 миллиард теңгеден астам) жететінін мәлімдеді.

Жекелей сындағы жеңімпаздар 2,8 миллион еуро (1,52 миллиард теңге), ал финалистер 1,4 миллион еуро (760,4 миллион теңге) алады.

Алайда көптеген теннисші бұл соманы жеткіліксіз деп санаған.

Бір топ ойыншы, соның ішінде беларусьтік теннисші Арина Соболенко, ұйымдастырушыларға бағытталған сынды қолдап, ашық хатқа қол қойған.

Соболенко теннисшілерге төленетін ақы айтарлықтай көтерілмесе, турнирге бойкот жариялауға дайын екенін ашық айтқан.

Қазақстандық әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинадан Италия ашық чемпионатының баспасөз мәслихатында бойкот бастамасын қолдайтын-қолдамайтыны сұралды.

Теннисші егер спортшылардың көпшілігі қатысса, өзінің де қосылатынын айтты.

«Бұл күрделі мәселе. Бұған дейін де ойыншылардың бірігіп, бойкот жариялауына болатын жағдайлар көп болған, бірақ ол ешқашан жүзеге асқан емес. Шыны керек, білмеймін. Егер көпшілік бойкот жариялаймыз және ойнамаймыз десе, әрине, мен де қосыламын. Бұл қиындық тудырмайды», — деп жауап берді Рыбакина.

Дегенмен ол мәселе тек сыйақы мөлшерінде ғана емес, теннисшілердің сол ақшадан төлейтін орасан зор салықтарында деп санайды.

«Бірақ өзгерістер тек «Дулыға» турнирлерінде және тек сыйақы тұрғысынан ғана емес, басқа да бағыттарда қажет деп есептеймін. Көпшілік біздің өте жоғары салықтарымыз туралы біле бермейді. Көбірек табыс тапсаң да, оның үлкен бөлігі салыққа кетеді.

Бұл бөлек тақырып. Бойкот туралы айту қиын: айтып өткенімдей, осы жылдар ішінде мәселе көп болды, бірақ ойыншылар әлі күнге дейін бірдеңені өзгерту үшін шынайы түрде біріккен емес», — деп толықтырды теннисші.

байкот Елена Рыбакина спорт теннис

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.