Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы сотталды.
Бұл қызметті Әнуар Омар 2022 жылдан бері атқарып келеді.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2024 жылдың 13 наурызында айтты.
Жезқазған қалалық сотында Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының басшыларына пара алғаны үшін қатысты сот үкімі шықты.
«Аталған шенеуніктер алдын ала сөз байласып, мердігер ұйымның өкілінен облыс аумағындағы көне қорымдарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу және жалпы патронаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша актілерге қол қойғаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алған.Сот үкімі бойынша, Қ. «Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкілі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.
Антикор сотталғандардың барлығы да өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылатынын түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот отырысы ашық форматта өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
kaz.orda.kz