Илон Масктің байлығы 400 миллиард доллардан асты. Миллиардерлер тізімін жариялаған «Форбс» журналының дерегінше, биыл көлік саудасынан Масктің дәулеті 71% өскен.
Бұған қоса, оның «SpaceX» ракета компаниясының да құны артып келеді. Сонымен қатар, Илон Маск ми технологиясымен айналысатын «Нейролинк» старапына жетекшілік етеді. Трамптың президенттік сайлау науқанына 250 миллион доллар жұмсаған Маск, Х әлеуметтік желісі мен туннел салатын «Боринг» компаниясына иелік ететіні белігілі.