Бүгін әлемдік нарықта мұнай қымбаттады. «Брент» маркалы мұнай баррелінің құны 72,8 долларға дейін өскен. Ал «ВиТиАй» сұрыбы 0,6 пайызға өсті. Бұған шикізатты тасымалдауда ықтимал қиындықтар ықпал еткен. Дәлірек айтсақ, Израиль мен «Хезболла» Ливандағы бітімді бұзды деп бірін-бірі айыптады. Мұнай бағасына осы жағдай әсер етіп отыр. Бұған қоса, ОПЕК+ мүше-елдердің министрлерінің кездесуі келесі аптаға қалуы да, мұнай нарығындағы белгісіздікті күшейтті. «Голдман Сакс» инвестициялық банкінің болжамына сай, жыл соңына қарай мұнай бағасы 80 долларға дейін өсуі, ал келер жылы 76 долларға дейін арзандауы мүмкін.
Трендте
- Мысырда 45 адам мінген яхта теңізге батып кетті 25.11.2024
- Атырауда 400 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді
- Қазақстанда барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асады
- Биыл қанша адамды әскерге шақырады?
- Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын бірінші раундта-ақ 3 рет нокдаунға түсіріп, ширек финалға өтті
- Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдар қорының учаскесі табылды
- Джо Байден ұлына рақымшылық жасады
- Қазақ ғалымдары қатерлі ісіктен емдейтін дәрі ойлап шығарды